Оның айтуынша, жатақханаларда 58 мыңнан астам студент тұрады, оның ішінде 3 мыңнан астамы шетел азаматтары. Әрбір жатақханада қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларды болдырмау үшін жауапты тұлғалар анықталды. 


«Коронавирустық инфекциядан ұжымдық иммунитетті құру үшін ЖОО-да профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерді толық вакцинациялауға тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда оқытушылардың шамамен 92% және студенттердің 70% вакцинацияланды. Егілген қызметкерлерге сыйақы, студенттерге оқуға жеңілдіктер, тегін жолдамалар немесе сауықтыру санаторийлеріне жолдамалар сатып алуға жеңілдіктер беру сияқты вакцинациялау үшін ынталандыру шараларын қабылдау бойынша жұмыс жалғасуда. Жұқпалы аурулардың белгілері болған жағдайда студенттер оқуды қашықтықтан жалғастыра алады. Оқу жылының басынан ауырып қалған студенттер саны - 990, оқытушылар саны – 576. Көптеген жоғары оқу орындарында медициналық пункттер, изоляторлар ашылды, ауырып қалған студенттер үшін медициналық көмек көрсету және олардың денсаулық жағдайын мониторингтеу үшін медициналық ұйымдармен шарттар жасалады», - деді спикер.  


Сонымен қатар, бағыт-бағдар беру апталығы енгізілді. 1-ші және 2-курс студенттеріне қиын оқу жағдайында оларды сәтті бейімдеу үшін көп көңіл бөлінеді. Психологиялық қызметтер мен ахуалдық орталықтардың жұмысы ұйымдастырылды, әлеуметтік желілер арқылы кері байланыс күшейтілді.