«Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту бағыты бойынша МСМ қатысты 2 мақсатты көрсеткіш көзделген. Мектеп жасындағы балаларды мәдени тәрбиемен қамту және «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру.  


«Оқушының мәдени нормативі» - концерттік және көрме іс-шараларына қатысу, опералық, балет, драмалық спектакльдердің, қазақстандық және шетелдік кинофильмдердің, мультфильмдердің, шығармашылық үйірмелерге бару және т.б. үздік үлгілерін көру арқылы өнердің барлық түрлеріне толыққанды ақпарат беру.  Бұл бағыт бойынша 2025 жылға дейін ел мектептерінде БҒМ бірлесе отырып, 100% қамтуды жоспарланған. Балалар мәдениет тақырыбында мәдени нормативін білу арқылы өскелең ұрпақтың өнер мен мәдениетке деген құштарлығын арттыру алға қойылып отыр. Жоба аясында жүзеге асырылатын екінші бағыт – «Ұлағатты ұрпақ» мәдени білім беру платформасы. Көрермендерге ұзақтығы 15 минуттан аспайтын музыкалық өнер, театр өнері, кинематография, бейнелеу өнері, «Қасиетті Қазақстан» 5 бағыты бойынша бейнесабақтар ұсынылады. Бұл балаларға кең ақпарат береді. Жобаға Қазақстанның белгілі мәдениеттанушылары, театртанушылары, өнердің әр саласы бойынша мамандар тартылады. Әр жыл сайын осы өнердің әр бағыты бойынша қажетті материалдар дайындалатын болады», - деді МСМ өкілі.  


Сонымен қатар, «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру мақсатында министрлік 5 іс-шара өткізуді жоспарлап отыр. «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы ұйымдастырылмақ. Оның аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елімізде кейінгі жылдары шыққан 30 кітап халыққа оқуға ұсынылады. Алдағы уақытта кітап оқуға, қаламгерлер жазған кітапты оқуға насихаттауға бағытталған жұмыстар жалғасын табады. Сондай-ақ Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы ақпараттық жүйесін жетілдіру, модификациялау және мобильді қосымшалар арқылы қолжетімділікті қамтамасыз ету көзделген. 


Бұдан бөлек, туған өлкенің әдебиетін зерттеуге бағытталған «Әдеби өлкетану» іс-шаралары ұйымдастырылады. Бұл өңірлермен бірлесе жүзеге асырылады. Мақсат – жоба аясында әрбір өңірге тиесілі әдебиеті мен ақын-жазушыларының шығармашылығын өзге өңірлердегі оқырмандарға таныстыру және насихаттау шараларына басымдық берілетін болады. Министрлік отандық қаламгерлерді ынталандыру мақсатында «Үздік балалар шығармасы», «Жылдың үздік кітабы» байқауын өткізеді. Сондай-ақ, алдағы жылдан бастап отандық жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, жаңа есімдерді ұлықтау мақсатында жас ақын-жазушыларға президенттің арнайы «Айбоз» әдеби сыйлығы тағайындалатын болады.