Оның айтуынша, бұрын әр қызметке шамамен 6 сағат уақыт кететін және оларды корсеуі процесстері сенімсіздік туғызатын. Сондықтан, 2012 жылы біз 16 облыс орталығында арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды, ал қызмет көрсету уақыты 1,5 сағатқа дейін қысқарды. 


2019 жылы олар ел бойынша 103 Халыққа қызмет көрсету орталықтарында бірден беріле бастады. 


«Бұл ретте полиция қызметкерлерінің, қызмет алушылардың және халыққа қызмет көрсету орталықтары мамандарының байланысы мүлдем алынып тасталды. Полиция тек құжаттардың электронды көшірмелерінің толықтығын тексереді және соттылыққа тексеру жүргізеді. Бұл бізге қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік берді. Ал қазір жүргізуші куәлігін онлайн режимінде алуға немесе ауыстыруға болады. Сонымен қатар, өткен жылы әрбір облыс орталығында мемлекеттік нөмірлерді шығаратын машиналар орнатылды, бұл автокөлік номірлері мен «дубликаттарын» жасауға кететін уақытты 5 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Осыдан екі жыл бұрын елімізде осындай екі машина ғана болғандықтан, номірлерді 20-25 күн күтуге тура келетін. Біз онлайн қызметтерді белсенді түрде дамытудамыз. Ең танымал мемлекеттік қызметтердің бірі - автокөлікті сату және қайта тіркеу «Kaspi Bank» мобильді қосымшасында көрсетіледі. Бұнда елдегі барлық қайта тіркеудің төрттен бір бөлшегі өтеді (күніне 2,5 мың тіркеу)», - деп атап өтті спикер. 


Қазір бұл қызметті тағы үш қаржы ұйымы («Halyk Bank», «Eurasian Bank», «Freedom Finance») мобильді қосымшаларға шығарады. Функционал сондай-ақ 102-қосымшада іске асырылатын болады.