.
«Орталықтың басты функцияларының бірі – бұл инвестициялық жобаларға сараптама жасау, бюджеттік инвестициялар мен мемлекеттік – жеке меншік әріптестік жобаларына сараптама жүргізу болып табылады. Сараптама кешенді бағалауды бекітеді және келіп түскен инвестициялық жобалардың тиімділігін айқындау мақсатында жүзеге асырылады. Биыл 9 айда құны 3,2 трлн теңге болатын 34 жоба келіп түсті. Сараптама нәтижесінде қаржы 738 млрд теңгеге дейін азайтылды. Демек, бюджетке түсетін жүктеме 76% төмендеді», - деді спикер.   


Салыстыру үшін, биыл 34 жоба, 2018 жылы - 98, 2019ж. – 151, 2020 жылы – 77 жоба болды. Жобалар санының азаюы коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша карантиндік шараларға байланысты болып отыр.