«Мемлекет басшысының мектептер құрылысын арттырып, апатты жағдайдағы және үш ауысымдық мектептер санын азайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында биыл 18 мектеп пайдалануға беріледі, оның ішінде 12-сі жеке меншік. 23 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мектепке дейінгі білім мекемелерімен 3-6 жас аралығында балалар 100% қамтылған. «Дабыл түймесі» және мектептерді полиция департаменттерімен байланыстыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Колледждерде «Жас маман» жобасы қолға алынды. Сонымен қатар, өңірде С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің филиалы ашылды. Бұл дәрігерлер тапшылығын жоюға септігін тигізеді. Жергілікті бюджеттен медициналық мекемелердің материалдық базасын нығайтуға 3 млрд теңгеден астам бөлінді. 
Спорт саласында бұқаралық спортпен айналысатындар санын көбейту көзделген. Қосымша спорт нысандарын салудың нәтижесінде бұл көрсеткіш 35%-ға  жетті. Былтыр 15 жабық спорт нысаны салынса, биыл 11-нің құрылысы жүріп жатыр, жыл соңына дейін 6-ы тапсырылады. Сондай-ақ, 5 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуде», - деді спикер  


Бұдан бөлек, туризмді дамыту мақсатында  «Тектұрмас» этно-тарихи кешенін қайта қалпына келтірілді. Жеке инвестиция есебінен құны 5,8 млрд теңгелік «Қаралма» тау-шаңғы этно-туристік кешендерінің құрылысы жүргізілуде.  


Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысында мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, аймақтық деңгейдегі жобаларды жүзеге асыру да игі үрдіске айналды. Соның бірі -  «Жомарт түлек» жобасы шеңберінде табысты түлектердің демеушілігімен 2,8 млрд теңгеге 67 елді мекенде жобалар жүзеге асуда. «Асар» жобасы аясында биыл 133 үйдің құрылысы жоспарланып 75-і пайдалануға берілді. «Таразға тарту» Тараз қаласы аумағында 47 нысан салынып, жөнделді. «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» шегінде 12,7 млрд теңге бөлінді.