Оның айтуынша, еліміздің креативті экономикасының орталығы ретінде Алматының әлеуетін дамыту үшін креативті индустрияның кәсіпкерлеріне қолдау көрсетілуде. «Almaty Finance» және «Алматы микроқаржы ұйымы» желісі бойынша қаржыландырылған 9 жоба табысты жұмыс істеуде. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасуда.  


«Креативті индустриялар саласындағы алғашқы табысты инфрақұрылымдық жоба – «ALATAU» креативті хабы ашылды, онда күнделікті 700-ге жуық адам жұмыс істейді. Қаланың инфрақұрылымын дамытуды тиімді модельдеу, оның жүйелерін басқару үшін «Цифрлық егіз» жобасы жүзеге асырылды. 2022 жылдың 1-ші тоқсанында қаланың барлық шұғыл қызметтерін біріктіретін «Бірыңғай кезекші диспетчерлік орталық» өз жұмысын бастайды. Бұл республикадағы теңдесі жоқ алғашқы орталық. Сонымен қатар, Үкіметпен және Алматы облысымен бірлесіп «Агломерация туралы» заң әзірленуде. Төтенше жағдайлар, шағын және орта бизнес, көлікті дамыту және экологияны жақсарту бойынша 4 пилоттық жобаның тұжырымдамасы әзірленді», - деді Б.Сағынтаев. 


Әкім қаланың болашақта өркендеуі үшін барлық негіздер бар екенін атап өтті. Бүгінде құрылымдық реформалар жүргізіліп жатыр, соның арқасында экономикадағы жоғары технологиялық салалардың, сондай-ақ креативті экономиканың үлесі артатын болады.