«Президенттің капиталды елден заңсыз шығаруды бақылау және жолын кесу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Ұлттық банктің, Қаржылық реттеу агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің халықаралық төлемдер мен ақша аударымдарының орындалуын бақылауды күшейту туралы бірлескен бұйрығы қабылданды. Осы тетік аясында біз әр операцияда күмәнді белгілердің болуын қараймыз. Бүгінгі таңда банк салымшылары үшін тәуекелдер жоқ және банк клиенттерінің барлық қаражаты толық сақталғанына назар аударғым келеді. «Банк құпиясы туралы» Заңды ескере отырып, бұл жұмыс толық көлемде жүргізілгеннен кейін толық ақпарат ұсынылады», - деді спикер.