«WhatsApp» және «Telegram» арқылы, әсіресе 4-5 қаңтар күндері тәртіпсіздіктерге қатысушылардың жиналу орындарын, қозғалу бағыттарын үйлестірген қазақстандық чаттар  айқындалды. Мысалы, Алматы қаласында санаулы сағаттың ішінде бір мессенджерге қатысушылар саны 140-тан 5,5 мыңға дейін өсті. Осыған ұқсас Жамбыл облысында - чатқа қатысушылар саны 4 мыңға дейін жеткен. Сөйтіп қысқа уақыт ішінде жиналған адамдар басқыншы топтарға айналған. Ұйымдасқан топтар зорлық-зомбылық жасау кезеңіне еліміздің әр аймақтарында бір мезгілде көшкен. Біразы дүкендерді талқандап, тонаумен айналысқан. Олар тіпті тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан үй-жайларды өртеп жібермек боғлан. Тек тұрғындардың жанқиярлық тойтарыс беру әрекеттері ғана бұдан да ауыр зардаптар мен көптеген құрбандардың алдын алған. Дәл осы уақытта басқалары лаікестік шабуылды жалғастыра берген. Олар айтарлықтай көп адам жинап, арматура, таяқ, кірпіш, тас және Молотов коктейльдерімен қаруланған. Оларға ғимараттарды өртеу үшін автомобиль дөңгелектері мен бензин жеткізілген. Одан кейін, айтарлықтай сандық артықшылықты пайдалана отырып, қоршауларды бұзып, өңірлердегі биліктің нышаны ретіндегі әкімдіктер ғимараттарын басып алуға кіріскен. Олар қару-жарақ қоймаларын басып алып, атыс қаруын алу үшін полиция ғимараттарына шабуыл жасап, соққыш ретінде қауіпсіздік күштерінен тартып алынған арнайы техника мен көліктерді, басқа да құралдарды пайдаланған. Ұрланған қару-жарақты, азық-түлік пен ауыз суды бүлікшілерге жеткізу және тарату амалдарын ұйымдастырған. Қару-жарақтың бүлікшілерге қалай жеткізілгенін әлеуметтік желілерде кеңінен тараған видеолардан көруге болады», - деп атап өтті спикер.