«Күдіктілер тіпті осындай ауыр қылмыстар бойынша олардың бұлтартпау шараларын жеңілдету үшін де ерекшелік болған жоқ. Жеке басын, жасалған қылмыстағы рөлін, тергеуге жәрдемдесуді ескере отырып, 128 күдіктіге қамауда ұстау - ешқайда кетпеу туралы қолхатқа, кепілге және жеке кепілгерлікке ауыстырылды. Бұлтартпау шараларын қайта қарау бойынша жұмыс тұрақты жүргізіледі. Бұл ретте адамдар зардап шеккен және залал келтірілген қылмыстарға белсенді қатысушылар үшін ең қатаң бұлтартпау шарасы қолданылады. Мысалы, Өскемен қаласындағы жаппай тәртіпсіздік барысында азамат К. және Р. сөз байласып, автокөлікпен Республика алаңына көлік дөңгелектерін апарды, оларды тәртіпсіздікке қатысушылар мемлекеттік мүлікті өртеу үшін пайдаланған. Бұдан әрі, азамат К. «Ваз-2121» маркалы полиция автокөлігін өртеп, 5 млн теңге көлемінде залал келтірген.  Тағы бір жағдайда, Талдықорған қаласында азамат Т. адамдар тобындағы жаппай тәртіпсіздіктердің белсенді қатысушысы бола отырып, Полиция басқармасының ғимаратына кіріп, 20 тапаншаны ұрлап кеткен. Атыс қаруын алған азамат Т. полиция ғимаратында оқ атуды бастады», - деді қадағалау органының өкілі.