«Осындай қиын жағдайда полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері зорлық-зомбылықты соңына дейін тоқтатуға тырысты және ақырына дейін жауынгерлік қару қолданбады. Олар өлімге әкелмейтін арнайы құралдармен -резеңке оқтармен, көзден жас ағызатын газ және жарық шуылы гранаталармен шектелді. Бірақ бұл әлсіздік ретінде қабылданды. Адамдар тобы атыс қаруын және қолда бар құралдары пайдалана отырып, қызметкерлерге тағы да шабуылдады. Мысалы, 5 қаңтарда Алматыда өрт сөндіру көлігі мен жүк көлігімен шабуылдаушылар қоршауды бұзып, Президент резиденциясына басып кірді. Олар қарулы болды. Осы қалада Байтұрсынов және Төле би көшелерінің бұрышында, тұтқынға алынған бензин таситын көлікпен алдымен полицияның арнайы автокөлігін соққан, содан кейін оны полицияның қоршауына бағыттаған. Қызылордада Камазды басып алып, онымен мақсатты түрде Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне шабуыл жасады, біреуі оқиға орнында қаза тапты. 1,5 мыңнан астам мемлекеттік және коммерциялық ғимарат бүлінген. Өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция және азаматтық автокөліктерді қоса алғанда, 765 автокөлік өртенді. Азаматтарға, бизнеске және мемлекетке миллиардтаған залал келтірілді. Акциялардың түпкі мақсаты билікті күшпен басып алу болды. Заң бойынша мұндай әрекеттер терроризм актісі ретінде қарастырылады. Көшедегі зорлық-зомбылықты тоқтату және азаматтардың өмірін қорғау үшін құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері қару қолдануға мәжбүр болды», - деді қадағалау органының басшысы.   


Оның айтуынша, бұл құқық қорғау қызметі, Ұлттық ұлан, әскери қызмет және терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңдарда тікелей көзделген. Бұл сондай-ақ осындай дағдарыстық жағдайлар кезінде күштік органдардың арнайы жоспарларымен регламенттелген.