Ол урбанистикадағы мыңдаған түрлі кейстен мысалдар келтіріп өтті.  


«Егер ғылым мен ғылыми тәсілді алатын болсақ - кез келген қаланың кез келген жобасының табысты болуының 40%-ы урбанистикадағы тиімді коммуникацияларда жатыр. Мысалы, Флорида штатының Майами Лейкс қаласында 2014 жылдан бастап муниципалитет тұрғындардан қаланың жеке бөліктерін дамыту туралы видеосюжеттер қабылдайды. Тағы бір мысал – «Парнасқа не керек?» жобасы. Ол Санкт-Петербург қаласында 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Басқа да жақсы мысалдар бар – Данияның Вайлет қаласында коммуникациялар ұсыныстар жинаумен, шешімдер қабылдаумен шектелмейді. Көптеген жобалар облигациялар шығару арқылы қаржыландырылады, оларды жергілікті тұрғындар сатып алады және қандай да бір жобаны іске асыру үшін өз ақшаларымен дауыс береді», - деп атап өтті спикер.