«Биыл 25 наурызда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен осы облыстарды құру мәселелері жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Жалпы алғанда, жұмыс Президенттің тиісті жарлықтарын қабылдау бойынша бекітілген Жұмыс алгоритміне сәйкес жүргізілуде. Алгоритм жауапты орындаушыларды және орындау мерзімдерін көрсете отырып, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарға сәйкес міндетті түрде жүргізілуге тиіс іс-шаралар мен рәсімдердің тізбесін қамтиды», - деді министр. 


Бүгінгі күні өңірлер Алгоритмде көзделген негізгі іс-шараларды аяқтады.