«2018 жылға дейін елімізде скринингтің 6 түрі болған. Қазіргі сүт безі обыры, жатыр мойны обыры, колоректалды обыр, өңеш пен асқазан қатерлі ісігі, бауыр обыры және қуық асты безі қатерлі ісігіне скринингтер жүргізілген. Одан кейін министрліктің сұрауы бойынша ДДСҰ сарапшылары келіп, сараптама жасады. Жалпы, скрининг дегеніміз - ауру белгі бермей тұрған сәтте диагноз қою. Оған мемлекет тарапынан қыруар қаражат бөлінеді. Осыған орай, ДДСҰ сапалылығына, күрделілігіне, қайтарымдылығына қарап, көбіне аурушаңдық, өлім-жітім көрсеткіштеріне көп әсер ететін скринингтерді ғана қалдыруға ұсыныс жасады. Сондықтан, сүт безі, жатыр мойны ісігі және тоқ ішек пен тік ішек қатерлі ісігі скринингі ғана қалды», - деді спикер.  


Ал скринингтің қалған түрлері профилактикалық тексерулерге енгізілді.