Оның айтуынша, сауда үйлердің, банктердің, мемлекеттік мекемелердің және басқа да объектілердің бейнекамераларының жазбаларына талдау жүргізілуде. 


«Атап айтқанда, Өскеменде «Халық Банк» филиалының камерасынан алынған бейнежазбаны қарап шығу нәтижелері бойынша қала тұрғындары азамат «А» және «С» анықталды, олар алдымен полиция қызметкерлеріне тастарды лақтырып, содан кейін оларға арматурамен дене жарақатын салды. Екі қылмыскер қамауға алынды. Шымкент қаласында арнайы іс-шараларды жүргізу нәтижелері бойынша қаңтар оқиғалары кезеңінде 3 полиция автокөлігін өртеп, тонауға қатысқан 3 тұрғын әшкереленді», - деді қадағалау органының өкілі бұлтартпайтын дәлелдерге тоқтала келе.