14 ақпанда Алматы қаласының сату орталықтарынан бірнеше рет ұрлық жасаған Алматы облысының 21 жасар тұрғыны оның асырауында кәрі жастағы ата-анасының болуына байланысты бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаның тағайындалуына байланысты қамаудан босатылды. 


«Соттар қаралған қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың басым бөлігін осындай негіздер бойынша бас бостандығынан айыруды көздемейтін жазалау шараларына соттады, атап айтсақ, 214 адамның ішінен 194. Бостандыққа жәберілген адамдардың көпшілігі Алматы қаласының еншісінде – 145, Алматы облысында – 38, Түркістан облысында – 4-еу, Көліктегі ПД – 5-еу, Жамбыл мен Ақмола облыстарында 1 адамнан.  Одан басқа Алматы қаласында тағы 6 адамға қатысты қылмыстық істер тараптардың татуласуына байланысты қысқартылды.  Мысалы, Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктер барысында үш адам «Корған» дүкенінен арнайы киім мен аңшылық пышақтарын жымқырған. Кейіннен күдіктілер ұсталып, күзетпен ұстауға алынды, тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Алматы қаласы Алмалы ауданының сотына жолданды», - деді полковник кінә мойындалғандықтан және келтірілген залалдың орны толтырылғандықтан сот көрсетілген адамдарды 2 жылға бас бостандығынан айыруға соттады және сот залында оларды күзетпен ұстаудан босатқанын айта келе.