«Әрбір тұлғаның бөлінісінде оның Т.А.Ә., ЖСН бастап есептелетін жалақы мен жеңілдіктердің мөлшеріне дейінгі деректер көрсетіледі. Мұнда қабылдау және жұмыстан шығару күндері де көрсетілген. Биыл еңбек шарттарын жасасу, олар бойынша Еңбек министрлігінің жүйесімен деректер алмасу бөлігінде жұмыстар жоспарланған. Салық есептілігін ұсыну модулі бойынша жұмыс жалғасуда. Оңайлатылған декларацияны (910.00 нысан) алдын ала толтыру көзделген. Қазіргі уақытта 2022 жылға арналған Оңайлатылған декларацияны қалыптастыру пысықталуда. Нысан пысықталды, өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Есеп жартыжылдық, бірінші мерзім тамыз айында. Жұмыстар белгіленген кесте бойынша жүргізілуде. Декларацияны алдын ала толтыруды қамтамасыз ету үшін онда көрсетілуі тиіс деректердің өздері болуы қажет. «E-Salyq Business»-тегі барлық деректер тартылады. Бұл қосымшаның чектері бойынша кірістер, кірістерді толықтыру және түзету режимі арқылы кәсіпкер көрсеткен кірістер. Сондай-ақ қосымшамен есептелетін салықтар мен төлемдер бойынша деректер», - деді Панбаев. 


Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарының айтуынша, бұл жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – деректердің толықтығын қамтамасыз ету және оларды автоматтандыру, атап айтқанда Z-есептерден деректерді дұрыс көрсету бойынша жұмыс жасау болып табылады.