Бүгінгі таңда тыңайтқыштарды жеткізуге 408,6 мың тонна көлемінде келісімшарт жасалды.

«Іс жүзінде барлық өңірлерде минералды тыңайтқыштарды жөнелту басталды, аграршыларға шамамен 308,1 мың тонна тыңайтқыш тиелді. Қоймалардағы қорлар, соның ішінде импорттық тыңайтқыштар қалыптасты. Фермерлер тыңайтқыштардың, оның ішінде отандық тыңайтқыштардың қымбаттығы мәселесін көтерді. Үкімет тиісті жұмыс жасады, минералдық тыңайтқыштардың ірі өндірушісі - ҚазАзот компаниясы өндірілетін аммиак селитрасының құнын тоннасына 200 мың теңгеден 160 мың теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл ретте минералды тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялауға 38,4 млрд.теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен қосымша 11,6 млрд теңге бөлінгенін атап өту қажет. Яғни, сатып алынған тыңайтқыштар құнының 50% - ын мемлекет өтейді», - деді спикер.