Тараптар екіжақты ынтымақтастықты, қазіргі экономикалық жағдайды, геосаяси жағдайға байланысты негізгі сыртқы факторларды, сондай-ақ Мемлекет басшысы бастамашылық еткен елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды талқылады.

Вице-министр атап өткендей, Үкімет экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін белсенді жұмыс жүргізуде.

"2022 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4%-ға дейін жеделдеді. Маңызды факторлар - негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң серпіні, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, өңделген тауарлар экспортының өсуі және тікелей шетелдік инвестициялар ағынының оң динамикасы", - деп атап өтті А.Әбдікәрімов.

Оның айтуынша, Қазақстанда бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайтуға, ESG стандарттарын қолдана отырып, инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған жаңа экономикалық саясат әзірленуде.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланше ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.