Кездесуге ОРК мүшесі Сәбила Мұстафина, ИЫҰ Хатшылығының сайлау бөлімінің бастығы Шакир Махмуд Бандар, сондай-ақ ИЫҰ хатшылығының қызметкерлері Аль-Хадж Идрис Аннур мен Мохаммед Элиас қатысты.

Константин Петров Нұр-Сұлтан қаласына келген ИЫҰ байқаушылар делегациясының Басшысы мен мүшелеріне ілтипат білдіріп, референдумға дайындық пен оны өткізудің негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды.

Өз кезегінде делегация басшысы Фейсал Мохаммед әл-Шараби мырза қазақстандық тарапқа қабылдау үшін алғысын білдіріп, Миссия мүшелерін таныстырды, сондай-ақ делегация ҚР Орталық референдум комиссиясына референдумды байқау қорытындылары бойынша есеп жіберетінін атап өтті.

ИЫҰ-дан байқаушылар делегациясының құрамына Сауд Арабиясы, Ирак, Чад және Бангладеш Халық Республикаларының атынан өкілдік ететін 4 байқаушы кірді.