«Осылайша, Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтті. Орталық референдум комиссиясы жариялаған алдын ала мәлімет бойынша, сайлауға дауыс берушілердің 68,06 пайызы қатысқан. Бұл ретте дауыс берушілердің 77,18 пайызы Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады. Дауыс берушілердің жоғарылығы мен Конституциялық реформаны қолдаудың жоғары деңгейі қоғамды топтастырудың жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Референдум нәтижелері билік пен қоғамның елдің одан әрі даму перспективалары туралы ортақ түсінігін айқындайды. Осының барлығы Президенттің реформалар бағытын халықтың қолдауының нақты кеңейгенін дәлелдей түседі.