«Бұл жүйеде ғарыштан түсірілген суреттер тіркеледі, онда егін егу жүргізілген кезең, оны  жинау, одан әрі тасымалдау, сақтау және астық қолхаттарын құжаттық ресімдеу кезеңдері осы жүйеде көрсетілген. Қазіргі уақытта екі салық төлеуші мамыр айында ҚҚС сомасын қайтаруға өтініш берді. Олар шамамен 300 млн теңге көлеміндегі қаржыны қайтарыып алмақ, қазіргі уақытта камералдық бақылау жүргізіліп жатыр. Олар ҚҚС-ты қайтарудың екінші жолын таңдады, яғни 100 күннің ішінде камералдық бақылау жүргізіледі, содан кейін шешім қабылданады. Камералдық бақылауды маусым айында аяқтауды және қосылған құн салығының расталған сомасын осы компаниялардың шоттарына қайтару жоспарланып отыр. Бұл пилоттық жоба астық нарығында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерге ашық емес бизнес-процестер мен схемалардан бас тартуға септігін тиигізеді; Қазақстанда тең бәсекелестік жағдайлар орнайды деп үміттенеміз. Егер аталған  пилоттық жоба өзінің тиімділігін көрсетсе, біз оған тартылатын өнімдер тізбесін кеңейтетін боламыз», - деп түйіндеді спикер.