Рәсімде Б. Нүсіпов Г. Боричке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін мен ізгі тілектерін жеткізді.

Жеке сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылап, екі мемлекет арасындағы тұрақты саяси диалогтың бар екенін, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту үшін елеулі әлеуетті, сондай-ақ көпжақты алаңдардағы өзара іс-қимылды атап өтті. Елші Чили басшылығын Қазақстандағы жалпыұлттық референдумның нәтижелерімен, сондай-ақ Қазақстандағы конституциялық реформалардың негізгі бағыттарымен таныстырды.

Өз кезегінде Г. Борич жылы құттықтаулар үшін алғысын білдіріп, Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевқа Қазақстан халқының игілігі үшін саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруда одан әрі табыс тіледі. Чили Президенті өз елінің Қазақстанмен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың барлық салаларында белсенді өзара іс-қимыл жасауға дайын екенін жеткізді.