Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов Әзербайжан Республикасы Медиа даму агенттігінің Бас директоры Ахмед Исмаиловпен кездесіп, тараптар ақпарат саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін сөз етті.

Атап айтқанда, Әзербайжан аумағында қазақстандық телеарналарды көрсету, балалар анимациялық контентін дистрибуциялау және алмасу, сондай-ақ бірлескен медиа жобаларды іске асыру мүмкіндігі қарастырылды. Кездесу қорытындысында тараптар талқыланған жобаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмыс тобын құруға келісті.

Қазақстан өкілі Әзербайжан тарапын Орта Азияның медиа саласындағы ең ірі іс-шара – Astana Media Week-ке қатысуға шақырды.

Айта кетсек, IX Жаһандық Баку Форумында ковид пандемиясынан кейінгі геосаяси ландшафтты қалыптастыру, СOVID-19-дың орта білім мен болашаққа әсері, климаттық құбылыстар, ғылым, технология және инновация, сондай-ақ экономиканың жаһандық қайта құрылуы және басқа да мәселелер талқыланады.