«Биыл су айдындарын бақылауды ұлғайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, шомылу маусымы басталысымен су қоймаларының қауіпті және күзетілмейтін бөліктерінде Министрліктің қосымша 55 жылжымалы құтқару бекеттері жұмыс істеуде. Бұдан басқа, әкімдіктермен және су маңындағы демалыс орындарының иелерімен, министрліктің жедел-құтқару жасақтарында даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушылар есебінен 377 нысандық құтқару бекеті жабдықталған. Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін коммуналдық және жеке жағажайларда 162 медициналық пункт жұмыс істеуде. Қалғандарында медицина қызметкері құтқару пунктінің құрамында кезекшілік етеді», - деді полковник.