Отырыс Армения Республикасы Орталық банкінің Оқу-зерттеу орталығында Агенттік Төрағасының орынбасары О. Т. Қизатовтың қатысуымен күндізгі форматта өтті.
46-шы отырыс шеңберінде Агенттік Төрағасының орынбасары О.Т. Қизатов 2015 жылғы 18 қарашадағы Орталық (ұлттық) банктердің Еуразиялық кеңесі туралы келісімге Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қосылуы туралы хаттамаға қол қойды.
Іс-шара барысында банк секторының 2021 жылғы жұмыс нәтижелері және 2022 жылға арналған даму перспективалары, Келісімге қатысушы мемлекеттердің қаржы нарығын дамытудың негізгі бағыттары, Келісімге қатысушы мемлекеттер арасында өткізілетін тауарлар мен қызметтер айналымына байланысты валюталық төлемдер мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Ақша белгілерін шығару, нумизматикалық нарықты дамыту, жалған ақша жасауға қарсы күрес мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің есебі және Орталық (ұлттық) банктердің қызметкерлерін кәсіби оқыту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің жыл сайынғы кәсіби оқыту бағдарламасының орындалуы туралы есебі тыңдалды.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1090, press@finreg.kz