Алдағы болатын жағдайларға қазірдің өзінде дайындық жүріп жатыр, Бас жоспардың құрылымына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы қосылады. Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым қарастырылған.  


«Мысалы, Мыңжылдық аллеясындағы әлеуметтік нысандар бірден бас жоспарға енгізіледі. Полицентрлік жүйе қағидаларына сәйкес міндетті түрде жеке әлеуметтік нысандар болуы керек: мектептер, балабақшалар, медициналық орталықтар, спорт нысандары, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктер, инженерлік инфрақұрылым. Нұрлы жол бағытында әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Хан Шатыр ауданында 15 мектептің құрылысы жоспарланған, оның 6-ы салынды. Сондай-ақ 8 балабақша қажет. Қала бойынша 148 мектеп жұмыс істеп тұр, негізінен олар оң жағалауда шоғырланған: Алматы, Сарыарқа және Байқоңыр аудандарында. Есіл ауданының кеңейіп келе жатқанын ескерсек, мұнда көп мектеп салу қажет. Болжам және есептеулеріміз бойынша жаңа бас жоспар жобасында тағы 162 мектеп салу жоспарланған.  


Қалада 429 балабақша бар, әлі 150-ден астам балабақша қажет. Олар да бас жоспарда қарастырылып отыр. 211 денсаулық сақтау нысаны: емханалар, ауруханалар, стационарлар. Тағы шамамен 80 қажет. Яғни, қадамдық қолжетімділік қағидаты бойынша әлеуметтік объектілердің дұрыс орналасуы өте маңызды. Бұл өрт сөндіру деполарына да қатысты», - деп атап өтті қала басшысы.