Хаттамаға қол қоюдың мақсаты Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына гудрон жеткізуге арналған квотаны жылына 430,0 мың тоннаға дейін ұлғайту, сондай-ақ «ЦЭНКИ» АҚ филиалы – «Оңтүстік» ғарыш орталығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін автомобиль бензиндерін жеткізуге арналған квотаны ұлғайту болып табылады. Қол жеткізілген уағдаластықтарды тараптар Хаттамаға қол қойылған күннен бастап қолданады.

Хаттама Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің сайтында жарияланған.