Кездесу барысында ҚР ДСМ басшысы Оңтүстік мегаполис тұрғындарын еліміздің әрбір азаматын сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер туралы хабардар етті.

А.Ғиният бастапқы буын ұйымдарындағы медициналық қызмет сапасын арттыру, дәрі-дәрмек саясатын жетілдіру, саланы кадрлық қамтамасыз ету, медициналық көмекті қаржыландыруды ұлғайту, ана мен баланы қорғау сияқты басым бағыттарға назар аударды.

ҚР Президентінің тапсырмаларын іске асыру барысы туралы сөз қозғаған министр "Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы бекітілгенін және биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі заң қабылданғанын атап өтті.

Ол қазіргі уақытта пациенттердің құқықтарын қорғауды және сақтандыру қаражаты есебінен олардың денсаулығына келтірілген зиянды өтеуді көздейтін медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы заң жобасын қабылдау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар, оның айтуынша, дәрігерлердің жалақысын арттыру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жаңғырту, Қазақстанда медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, алғашқы медициналық көмекті ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау үшін халықтың қалың жігіне оның барынша ұтқырлығы мен қолжетімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін А. Ғиният атап өтті.

Министрдің мәліметінше, республика бойынша 2025 жылға қарай медициналық-санитарлық алғашқы көмектің 500 нысанын салу жоспарланған.

Шымкент қаласында бүгінде 76 МСАК нысаны халыққа қызмет көрсетеді, 2025 жылға дейін тағы 15 нысанның құрылысы мен ашылуы жоспарлануда.

Ведомство басшысы қала тұрғындарына жалпы практика дәрігерінің жолдамасынсыз арнайы мамандарға қол жеткізу мүмкіндігі туралы айтып берді.

Сондай-ақ, оның айтуынша, онкологиялық және гематологиялық ауруларға күдік болған кезде тексеру мен емдеуді жеделдету үшін "жасыл дәліз" енгізілген, оның шеңберінде онкологиялық ауруға күдікті пациенттер 18 жұмыс күні ішінде консультация алып, тексеріледі.

Дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру мақсатында амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету тізбесін кеңейту және қайта қарау бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні қаланың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін амбулаториялық деңгейде 10,1 млрд.теңгеден астам сомаға, стационарлық көмек үшін 6,1 млрд. теңгеден астам сомаға дәрілік заттар сатып алынды.

Аналар мен балалардың денсаулығы мәселелеріне баса назар аудара отырып, министр 2021 жылы туу шыңы тіркелгенін, Қазақстан Тәуелсіздігінің бүкіл тарихында 450 мыңнан астам бала туылғанын, оның ішінде Шымкент қаласында 33 мыңнан астам бала туылғанын еске салды.

2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша "Аңсаған сәби" арнайы бағдарламасы іске қосылды, онда 2026 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген, оның ішінде Шымкент қаласына 400-ден астам квота бөлінген. Мемлекеттік бағдарламаны пайдалана отырып, 41 әйел жүкті болып, 90 отбасы балалы болу бақытына ие болды.

Кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне қатысты министр жыл сайын анағұрлым сұранысқа ие медициналық мамандықтар бойынша білім беру гранттарының саны артатынын хабарлады.

2025 жылға қарай республикалық бюджет есебінен гранттар саны 2000-ға дейін және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1500-ден астам грант ұлғайтылатын болады.

Медицина кадрларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде Шымкент қаласына 2022 жылы резидентураның 6 мамандығы бойынша 87 білім беру гранты бөлінді.

Бүгінгі таңда оңтүстік мегаполистің Денсаулық сақтау жүйесінде 4 964 штаттық бірлік жұмыс істейді, оның ішінде 3,5 мың тәжірибеші дәрігер бар. Бұл ретте дәрігер кадрлардың тапшылығы 185 штаттық бірлікті құрайды.

Халықты МӘМС жүйесімен қамту мәселелерін қозғай отырып, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңға толықтырулар енгізу туралы хабарлады, ол МӘМС жүйесіне 12 ай бұрын МӘМС жарналарын төлеу арқылы кірудің балама тәсілін енгізуді, өткен кезеңдегі берешекті жоюды ұсынады. Бұл норма жоспарлы медициналық көмектің кең тізбесін кедергісіз алуға мүмкіндік береді.

Қала тұрғындары мен қоғамдық белсенділер министрге қала емханаларындағы арнайы мамандарға қол жеткізу, балаларды емдеу, ақпараттық жүйелердің жұмысы, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар өзекті мәселелерді жолдады.

"Денсаулық сақтау жүйесіндегі белгілі жетістіктермен қатар, бірлескен күш-жігермен шешуді қажет ететін міндеттер де бар. Біз бәріміз қоғамдағы медиктер рөлінің маңыздылығын түсінуге, өз денсаулығымыз үшін ортақ жауапкершілікті танытуға, сол арқылы әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға тиіспіз", - деп Денсаулық сақтау министрі кездесуді қорытындылады.