Алматы облысының Шелек дәлізінде қуаттылығы жылына 50 МВт болатын жаңа жел электр станциясы (ЖЭС) іске қосылды. Жаңа жел электр станциясы электр қуатының тапшылығын азайтуға көмектеседі деп болжануда. Жоба аясында даниялық VESTAS компаниясы шығарған озық технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып, 25 мұнара орнатылды. Компания 75 жылдан астам тәжірибесі бар ЖЭК нарығындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады.

Жел электр станциясының жалпы құны - 12,67 млрд теңге. Құрылыс 2019 жылы басталғанымен, бірақ пандемияның кеірінен құрылыс тоқтатылды. Жұмыс 2021 жылы жалғасты – компания бекітілген өндірістік кестеге сәйкес құрылымдардың құрылысын және басқа да жұмыстарды белсенді түрде жалғастырды.

Жоба Энергетика министрлігінің энергия өндіруші ұйымдарының тізіміне енгізілген.

Айта кету керек, KAZAKH INVEST көмегімен «Жерұйық-Энерго» преференциялар алу үшін инвестициялық келісімшартқа қол қойды.

Бұл жобаны жүзеге асыру айтарлықтай қосымша энергия өндіруші қуаттарды іске қосу арқылы Алматы облысында электр энергиясының тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.