Бұл мақсаттарға 2022 жылы республикалық бюджеттен 16,4 млрд. теңге бөлінді. 105 ауылдық елді мекенде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған 249 жоба жүзеге асырылуда.

Солардың қатарында Бәйдібек ауданы Ағыбет елді мекенінде Есіркеп батыр атындағы жалпы орта мектебі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің күрделі жөндеу жұмыстары да бар.

Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында екі мектепке жүргізіліп жатқан жөндеу, екі елді мекенді газдандыру, 6 көшені жөндеу жұмыстары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, ұлттық экономика вице-министрі Ордабасы ауданы Төрткөл ауылында болды. Онда «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда.

Б.Омарбеков Ақбастау ауылдық округі Жолғабас елді мекеніндегі мектепке жапсаржай құрылыс салу жұмыстарымен танысып, Ақбастау ауылындағы нысандарды аралады.

Жалпы, жұмыс сапары барысында Түркістан облысының ауылдық елді мекендерін дамыту бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Аудан әкімдері алдағы кезеңдегі жоспарлары туралы баяндады.

Сонымен қатар, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізіліп, ауылдағы проблемалар көтерелді. Аудан әкімдеріне ауыл тұрғындарының көтерілген мәселелерін шешу үшін бірқатар ұсыныстар берілді.