Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қарағанды облысының әкімінен мұндай жағдайдың немен байланысты екенін сұрады.

"Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында облыста жыл басынан бері "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы бойынша 26 ауылдық елді мекенде 5,4 млрд теңге сомасына 47 жоба іске асырылуда, оның ішінде республикалық бюджеттен 4,4 млрд теңге қарастырылған. Жобалардың көпшілігі жаңа, осыған байланысты қаржыландыру жоспары бойынша негізгі сома қарашаға қарастырылған болатын", - деп түсіндірді Жеңіс Қасымбек.

Өңір басшысының айтуынша, тамыз, қыркүйек және қазан айларына қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер өткізілді, белгілі бір жұмыс көлемі орындалды.

"Жұмыстар жақсы қарқынмен жүргізілуде. Қарашаға дейін барлық қаражат толық игерілетін болады. Ұлттық жобаның іс-шаралары бойынша жыл басынан бері облыс бойынша жалпы қаржыландыру 14 млрд теңгені немесе бірінші жартыжылдық жоспарына 97,5% құрады", - деп қорытты өз сөзін Жеңіс Қасымбек.