Ведомство басшысы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және бизнестің шектеусіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режимін сақтау және халықтың қызметтер алу кезіндегі қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі туралы тағы да еске салып өтті.

«Халыққа COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын және ревакцинацияны уақытылы алу; науқастармен байланыста болған жағдайда, қоғамдық орындарда, адамдар көп жиналған орындарда, көлікте масканы тағуға; қол гигиенасын сақтау және науқас адамдармен қарым-қатынас жасамау сияқты алдын алу шараларын сақтау керек екенін тағы да еске салғым келеді. Өз денсаулықтарыңызды күтуді және жақындарыңызды қорғауды сұраймын», - деді А.Ғиният.