Жиын барысында Юрий Ильин ТЖМ инспекторларына жұмыс жүйесін өзгертуді міндеттеді. Олар бизнес нысандарын жазалаушы мемлекеттік орган ретінде емес, керісінше қауіпсіздік шараларын сақтауда әдістемелік көмек көрсету арқылы жұмыс жүйесін қалыптастыру керек деп атап өтті.
Жиын барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және еліміздің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
Сонымен қатар халық тұтынатын табиғи газдың азайтылуы қазіргі таңда Қостанай облысындағы өзекті мәселелердің бірі. Министр өңірде электр қондырғыларын пайдалану немесе газ баллондарын тұрмыста қолдану жиілеп кеткенін атап өтті. Сол себепті халыққа өз қауіпсіздіктері үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау отырып, көп қабатты үйде газ баллондарын қолданбауға кеңес берді.
Жұмыс сапары барысында ТЖ министрі азаматтарды толғандырған мәселелер бойынша жеке қабылдау жүргізіп, журналистермен кездесті.
Сапар барысында министр өңірдің бірқатар ірі өндірістік және әлеуметтік маңызды объектілерін аралады.
Сонымен қатар Юрий Ильин Қостанайдың № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барып, республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен сатып алынған техника мен жабдықтарды қарап шықты.
Қостанай облысының ТЖД бөлімшелерінің жеке құрамымен кеңейтілген кеңес өткізді.Ерекше көзге түскен қызметкерлерді ведомстволық наградалармен марапаттап, орта, басшы құрамға алғашқы және кезекті арнайы шендерді табыс етті.