Мұндай ұсынысты 4 тамызда Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановпен бірлескен кеңесте айтты.

Мусиннің айтуынша, ЦДИАӨМ телефон нөмірлерінің басқа тұлғаларға тіркелуіне жол бермеу үшін ұялы нөмірлерді тіркеу үшін биометриялық сәйкестендіруді енгізу мәселесі пысықталуда.

"Сондай-ақ, біз интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық насихат бөлігінде банктермен тығыз жұмыс жасауды ұсынамыз, өйткені мұндай жағдайлар көбінесе банк операцияларымен байланысты. Опция ретінде әңгімелесу кезінде банк қызметкерлерін сәйкестендіру жүйесін, мысалы, SMS-хабарламалар арқылы енгізуге болады", – деді министр.