Сұхбат барысында АМЛ Бас хатшысы Кеңсесінің басшысы Хоссам Заки Қазақстанның Азия кеңесіндегі төрағалығының басымдықтарын қолдайтынын айтып, бүгінде бұл танымал және беделді форум болып табылатынын, оның қызметі кеңесте бақылаушы болып табылатын АМЛ үшін үлкен қызығушылық тудыратынын атап өтті.

Сондай-ақ, ол 2022 жылғы 8 тамызда Лиганың штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов пен АМЛ басшылығы арасындағы келіссөздердің нәтижелеріне оң баға берді.