А.ж. 14 шілдесінде Р.Бабаев, Т.Танашев, Д.Әбижанов және А.Алтыбасаровқа қатысты сот қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашев халықаралық іздеуге жарияланды.

Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды. Жоғарыда аталған азаматтардың $9 млн жуық құрайтын қаражаты, зергерлік бұйымдары қамауға алынды.
Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік объектісі, 19 көлік тәркіленді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілуге жатпайды.
ҚМА-ға аталған топ мүшелерінің рейдерлік әрекетінен зардап шеккен азаматтардан арыздар әлі де келіп түсуде.

Осыған орай, Қоспаевтың және басқа да тұлғалардың әрекетінен зардап шеккен кәсіпкерлерді ҚМА немесе аумақтық департаменттерге хабарласуға шақырамыз.