«21 тамызда «Қазақконцерттің» шығармашылық ұжымы Ұлытау облысын құттықтау мақсатымен ән сапармен Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал қалаларында, Жаңаарқа, Ұлытау аудандарында концерттер беріп қайтты. Ұлт ұясы – Ұлытауға ән мен күй керуенін бастап барған Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Раушан Оразбаева, Күнсұлу Түрікпен. Классикалық өнерімізді көрсетіп Бибігүл Жанұзақ, Азат Мәлік, жас әншілеріміз Рухия Байдүкенова, «Меломен» тобы эстрада өнерін ала барды. 21 қыркүйекте, алдағы аптада «Қазақконцерттің» шығармашылық ұжымы «Әнім сенсің, Алатау» атты мерекелік концертпен Жетісу облысына гастрольдік сапарға аттанбақ. Талдықорған, Текелі қалаларында концерт беріп, әрі қарай Алматыға жол тартады. Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарына арналған біздің арнайы сыйлықтарымыз болды. Абайдың үш ішекті тұмар домбырасын біз арнайы жасатып, домбыраның қоңыр үнін беретін көне технологиямен дайындалған ішектер тартылған екі домбыраны Абай, Ұлытау облыстарына табыстадық, Жетісу облысына да осы құнды сыйымызды ала бармақпыз», - деді Райымқұлова.