Өтініштердің құрылымына қарасақ, медициналық көмектің сапасына және денсаулық сақтаудың басқа да мәселелеріне қанағаттанбау жағдайлары бойынша азаматтар шұғыл шаралар қабылдау үшін Қорға шағымдар жолдайды. 

«7 айдың ішінде 13 мыңнан астам шағым келіп түсті, бір жыл бұрын осы кезеңде 8 мың шағым түскен болатын. Талдау көрсеткендей, шағымдардың 1,6 есе өсуі адамдардың Қор арқылы өз құқықтарын қорғау мүмкіндігі туралы көбірек біле бастағанын білдіреді. Ең көп келіп түсетін шағымдар - медицина қызметкерінің медициналық көрсеткіштер бойынша талап етілетін емхана деңгейінде медициналық көмек ұсынбауы, сапасыз медициналық көмек көрсетуі; КДҚ ұзақ күтуі (оның ішінде бейінді дәрігерлердің консультациялары, КТ, МРТ және т.б.). Азаматтардың өтініштері, әлеуметтік желілердегі жарияланымдар бойынша пациенттер бейінді маманның қабылдауына бара алмайтын жағдайлар жиі кездесетінін көріп отырмыз. Оның себептері әртүрлі: дәрігер демалыста болады; дәрігердің пациенттердің барлығын қабылдауға уақыты жоқ. Нәтижесінде пациенттің консультативтік-диагностикалық қызметті күту ұзақтығына қатысты құқықтары бұзылады. Бұл жағдайда клиника пациентті келісімі болмаса да, басқа медициналық ұйымға жіберуі керек. Шарт жолдама жасау кезінде автоматты түрде жасалады», - деп атап өтті Айдын Ашуев.