Бүгінгі таңда республика бойынша 380-ге жуық шаруашылық балық өсірумен айналысады. Осы мақсаттар үшін республикалық бюджеттен балық өсіру шаруашылықтарын, қайта өңдеу және жем өндіру қуаттарын салу кезінде бизнестің инвестициялық шығындарын өтеу үшін шамамен 750 млн. теңге бөлінді. Балық өсіру көлемінің өсуі байқалады.
Вице-министр балық шаруашылығын дамыту үшін инвестициялық салымдар кезінде мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтілді, қайта өңдеу, жем өндірісі, тоған шаруашылықтары бойынша паспорттар енгізілді, Ведомствоаралық комиссия отырысында «Акваөсіру туралы» Заң жобасының тұжырымдамасын мақұлданды және заңды әзірлеу басталды, жалпы өсіру қуаты 850 тонна, 1,0 млрд. теңгеден астам сомаға 4 инвестициялық жоба іске асырылғанын атап өтті.
Сонымен қатар, балық ресурстарының табиғи популяциясын сақтау бойынша шаралар қабылдануда. Балықтың уылдырық шашу кезеңінде қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Мәселен, ЭГТРМ, ІІМ және ҰҚК бірлескен бұйрығы шеңберінде Батыс өңірде «Бекіре» балық қорғау акциясы өткізілді, қалған облыстарда көктемгі кезеңде «Уылдырық шашу» табиғат қорғау акциясы ұйымдастырылды. Республиканың барлық өңірлерінде «Таза су айдындары» акциясы өткізілді. Жыл сайын табиғи су айдындарының балық ресурстарын сақтау және молықтыру бойынша шаралар қабылданады, бұлар көктемгі және жазғы кезеңдерде балықтарды құтқару, қыс мезгілінде қатуға қарсы іс-шаралар, сондай-ақ балықтардың бағалы түрлерін жасанды молықтыру.
Балық шаруашылығын дамыту үшін министрлік келесіні көздейді:
- балықты өңдеумен айналысатын субъектілер үшін ҚҚС-ты 70%-ға төмендету;
- отандық шикізаттан алынған терең өңделген балық өнімдерін субсидиялауды енгізу;
- Күтім балығы Қызыл кітапқа енген балық түрлерінің тізімінен алынып тасталды;
- балықты қадағалаудың ақпараттық жүйесін әзірлеу жүргізілуде;
- Каспий итбалығын сақтау үшін ЕҚТА құру бойынша ЕО әзірлеуге ғылыми ұйыммен шарт жасалды.
Ағымдағы жылдың соңына дейін министрлік Балық шаруашылығын дамытудың 2022 жылға арналған бағдарламасының индикаторларын іске асыру, «Акваөсіру туралы» Заң жобасын және оған ілеспе заң жобасын әзірлеу, Каспий теңізінің су биоресурстары жөніндегі Үкіметаралық Комиссияның 6-шы отырысын өткізу, Парламент Мәжілісінде «Балық шаруашылығын дамыту мәселелері туралы» тақырыбында Үкімет сағатын өткізу, балықты ақпараттық бақылау жүйесін енгізу жоспарлап отыр.