Осы Келісім ҚазСтандарттың қазақстандық кәсіпорындарға Еуропалық Одаққа одан әрі экспорттау үшін СЕ таңбалауын алуға көмектесуіне мүмкіндік береді және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
SE таңбалауы – бұйымның ЕО директиваларының негізгі талаптарына және Еуропалық Одақтың үйлестірілген стандарттарына сәйкес келетіндігін, сондай-ақ өнімнің директиваларға сәйкестігін бағалау рәсімінен өткенін дәлелдейтін, өнімге түсірілетін арнайы белгі.
CE таңбалауының қолданысына электр жабдықтары, балалар ойыншықтары, құрылыс бұйымдары мен материалдары, жеке қорғаныс құралдары, өлшеуге арналған автоматты емес аспаптар, су жылыту қазандықтары, медициналық жабдықтар, радиобайланыс құралдары және телекоммуникациялық түпкі жабдықтар сияқты өнімдер жатады.
Сонымен қатар мынадай мәселелерде уағдаластыққа қол жеткізілді:
- ҚазСтандарт сынақ хаттамаларын тануға дайындық (сарапшыларды оқыту, байланыс орталығын құру) ;
- Еуропалық Одаққа әкелу және СЕ таңбалау үшін қазақстандық өнімнің сәйкестігін растау;
- екі елдің өзара жеткізілетін өнімдеріне қойылатын талаптар белгілеу және экспорттау;
- Орталық Азия өңіріндегі метрологиялық инфрақұрылымды бағалау;
- EURAMET алаңында өзара көмек көрсету;
- ұлттық сертификатталған стандартты үлгілерді салыстыру;
- бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын (ЭМС) іске асыру.