Бұдан бөлек тараптар тұқым шаруашылығында бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ қазақстандық мамандар мен шаруаларды Түрік Республикасында заманауи технологияларды оқытуға уағдаласты.

Айта кетейік, Түркия қазақстандық тұқым өндірушілермен жұмыс істеуге ниетті. Бұл  бағытта келіссөз жүргізу үшін құрамында 41 түрік компаниясының өкілі бар делегация келді.

Жұмыс сапары аясында түрік делегациясы Шымкенттегі жеміс-жидек өсіретін «Александр бағына» барды. Кәсіпорынның 200 гектарының 15-не Түркиядан әкелінген «голден делишес», «джероми», «фуджи», «гала», «грени смит» алма ағашының бұталары отырғызылды.