Тапсыру рәсімінен кейін өткен қысқаша сұхбат барысында Ш. Мирзиеев қазақ-өзбек қатынастарының саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы жай-күйі мен даму перспективаларына оң баға беріп, екіжақты қатынастарды нығайтуға деген өзара қызығушылықты атап өтті.

Өзбекстан Президенті екі ел арасында пайдаланылмаған орасан зор әлеует бар екенін атап өтіп, Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілділігін білдірді.