Бұл тәсілдер кезең-кезеңімен енгізілетін болады.
Бірінші кезең - фермерлерді көктемгі егіс жұмыстарына форвардтық қаржыландыру, содан кейін көкөністерді тұрақтандыру қорларына жеткізу. Қаржыландыру алдын ала бір жыл бұрын жүзеге асырылады. 2023 жылы қаражат ерте егін жинау үшін 10 қаңтарға дейін және 2023 жылдың күзгі егіні үшін 1 ақпанға дейін бөлінеді. Келесі жылдары ерте егін жинау үшін 1 тамызға дейін және сол жылдың күзгі егінінің 1 қыркүйегіне дейін бөлу көзделіп отыр. Бүгінде бұл механизм бекітілді.
Екінші кезең - шикізатты (қарақұмық, күріш, күнбағыс) сатып алу үшін өңдеуші кәсіпорындардың айналым қаражатын форвардтық қаржыландыру. Бұл құралды 2023 жылдың наурыз айынан бастап енгізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, биылғы жылдың қазан айынан бастап осыған ұқсас схема бойынша қант зауыттарының айналым қаражатын қаржыландыру жүзеге асырылып келеді.
Үшінші кезең - субсидиялау бағдарламалары, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК АҚ арқылы арзандатылған астықты өткізу және басқалары сияқты мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктері пайдаланылатын болады. Атап айтқанда, бұл макарон, нан, сүт және сүт өнімдерін өндірушілерге қатысты, бұл механизмді 2023 жылдың маусымында енгізу жоспарланған.