ҚАНДАЙ АВТОКӨЛІКТЕР ЗАҢДАСТЫРУҒА ЖАТАДЫ?

Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер

ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ЕРЕЖЕЛЕР:

  • автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;
  • криминалдық есепте болмауы керек;
  • басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;
  • Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.

Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

ӨТІНІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ:

  • е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы;
  • екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
  • ХҚКО-ның “Өз-өзіне қызмет көрсету секторы” арқылы.

АВТОКӨЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР:

  • өтінім;
  • өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
  • көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;
  • көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады. Заңдастыруға рұқсат етілсе, мемлекеттік алымдар төлеу қажет.

  • Алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге;
  • Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4 313 теңге;
  • Мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге.

Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады.

Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.