Елі мен оның болашағы үшін жауапкершілік, Отанға деген сүйіспеншілік, ой-өріс кеңдігі, дипломатиялық этикет пен халықаралық серіктестіктің берік іргетасы – осының бәрі Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосы қызметкерлерінің жұмысы туралы.

Бүгін қазақстандық дипломаттар өздерінің кәсіби мерекесі – Дипломатиялық қызмет күнін тойлайды. 

Қазіргі геосаяси жағдайда олардың рөлі едәуір артып келеді, ал туындаған сын-қатерлер ұлттық мүддені қорғау және Қазақстанның халықаралық аренадағы ұстанымын нығайту үшін заманауи тәсілдерді қажет етеді.