2023 жылғы 1 шілдеден бастап апелляциялық сатыдағы сот істі бірінші сатыға қайтармай, мәні бойынша шешім қабылдайтын Қылмыстық-процестік және Азаматтық процестік кодекстерінің жаңартылған ережелері қолданысқа енгізілді. Мұндай жағдайларда қарау бірінші сатыдағы соттың ережелері бойынша жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігі. 

Сот осылайша сот талқылауының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етеді. Жаңа тәртіп азаматтар мен кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын тезірек қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Аталған ережелер Мемлекет басшысының 2023 жылғы 27 наурыздағы тапсырмаларын іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне процестік заңнаманы жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен қабылданды.