Қорғаныс министрлігі өкілінің айтуынша, бұл шара қала тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен сый болмақ.

Фестивальдің мақсаты – елдер арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру, халықаралық мәдени диалогты нығайту, бейбіт бастамаларды дамыту және қатысушы мемлекеттердің дәстүрлі мәдени мұрасын насихаттау үшін жағдай жасау.

Шараға Әзербайжан, Үндістан, Қытай, Пәкістан, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Жапонияның үздік әскери ұжымдары қатысады.

«Біз фестиваль қатысушыларына өнер көрсетуге және өз шеберліктерін паш етуге ыңғайлы болу үшін барлық жағдайды қарастырдық. Фестиваль үш кезеңмен өтеді», – деді Т. Басқожаев.

Атап айтқанда, 6 шілдеде сағат 19.30-дан 22.30-ға дейін Орталық саябақтың жағалау амфитеатрында бенд-марафон өтеді. Ал 7 шілде күні сағат 20.00-21.00 арасында «Бәйтерек» монументінің алаңында, «Хан шатыр» сауда орталығында және Орталық саябақтың кіреберісінде перфоменс шоу өтеді.

Фестиваль 8 шілдеде «Барыс арена» мұз сарайында гала концертпен аяқталады. Гала концерттің басталуы сағат 12.00-де, барлық іс-шараларға кіру тегін, деп түйіндеді департамент бастығы.