Қазақстанда 6 шілде – Астана күні. Бұл күн елордаға ресми мәртебе берілген 1998 жылдан бері аталып өтіліп келеді.
Мерекенің тарихы 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі (Парламент) астананы көшіру туралы қаулы қабылдаған сәттен басталды.
Биыл Қазақстанның бас қаласына 25 жыл болады.
Қала атауы бірнеше рет өзгергенімен, оның Қазақстан үшін тарихи-мәдени маңызы сақталды. Ел ордасы әлемдегі ең әдемі және заманауи қалалардың біріне, жаңа идеялар, инновациялар, жобалар тоғысқан, халықаралық диалог орталығына айналды.
Мереке құтты болсын!