Жарияланған жоспарға сәйкес ИКАО биыл және келесі жылы Қазақстанның азаматтық авиация қызметіне аудит жүргізуді қарастырып жатқан жоқ.

Қазір елімізде ұшу қауіпсіздігіне байланысты ИКАО-ның стандарттары 82%-ға жетті. Бұл еуропалық талаптың орташа көрсеткішімен тең.

Аталған халықаралық ұйым тәуекелдер көрсеткіштерін, бұрынғы тексерулердің нәтижелерін, мүшелікке кіретін елдердегі авиациялық қызметтің ауқымын және анықталған кемшіліктердің алдын алу бағытында орындалған жұмысты қоса алғанда, түрлі факторлар негізіндегі әмбебап бағдарлама аясында тексерулер жүргізу үшін мемлекеттерді таңдауды жалғастыруды көздеп отыр.