Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында елімізде туризмді дамыту міндетін алға қойған болатын. Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері қабылданған шаралар туралы айтып берді.

Атап айтқанда, Қазақстанда туризм саласындағы кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың 7 тетігі іске қосылды. Шетелдік әрбір турист үшін туроператорлардың шығындары субсидияланады. Сонымен қатар Kids go free бағдарламасы бойынша отбасылық демалыс пакетінде балаларға ел ішінде ұшақ билетін сатып алу шығыны субсидияланады.

Кәсіпкерлердің тау шаңғысы жабдықтарын, туристік көлік құралдарын сатып алу шығындары 25%-ға дейін өтеледі. Жол бойындағы сервис және туристік нысандарды салу немесе реконструкциялау шығындарының 10%-ы субсидияланады. Санитарлық-гигиеналық тораптарды ұстау шығындары өтеледі. Оның сомасы айына 83 300 теңгені құрайды.